
Артикль зат есімнің алдында тұрады. Оның екі түрі бар: Белгісіз және Белгілі.
Indefinite Белгісіз (зат есімнің жекеше түрінде қолданылады) | Definite Белгілі (зат есімнің жекеше және көпше түрлерінде қолданылады) | |
A (дауыссыз дыбыстардың алдында) | An (дауысты дыбыстардың алдында) | The |
A book — кітап | An apple — алма | The window — терезе |
A pen — қалам | An eagle — бүркіт | The flowers — гүлдер |
A\An – “бір”деген мағынада қолданылады.
The – “осы”, “бұл”, “менің”, “біздің” деген мағыналарда қолданылады.
Мысалы:
We have a student. The student is very smart. – Бізде бір студент бар. Бұл студент өте ақылды.
Where is the pen? – (Менің) қаламым қайда?